Loading...

Санитариялық тазалау

Акселерациялық топ мүшелері қаланы санитарлық тазалау (жекелеп айтқанда, қар тазарту) саласындағы ағымдағы жағдайды жан-жақты, мұқият талдады, жекелеп айтқанда, тариф түзілімі, мемлекеттік сатып алу үрдісі және қаланы санитарлық тазалау қызметін жеткізушілер мен оған тапсырыс берушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеу тетігі мәселелері көтерілді.

Анықталған мәселелердің негізгі бөлігі жүйелік сипатқа ие, осыған орай шешім іздестіру кешенді көзқарасты және айтарлықтай уақыт пен ресурстық шығындарды қажет етеді.
Дегенмен, бірінші кезекте шешілуі керек және осы саланы одан әрі жетілдіруге негіз болуы тиіс бірқатар мәселелер бар. Мысалы, бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында қар тазарту бойынша қала деңгейінде бекітілген бірыңғай стандарттар жоқ. Жалпы қабылданған, бекітілген нормалардың жоқтығы тазарту сапасын бақылау үрдісін қиындатады, өйткені критерийлер біршама шартты және анық емес, сондай-ақ бюджет қаражатын игеру тиімділігін дәл бағалауға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі таңда топ мүшелерінің негізгі күш-жігері қаланы санитарлық тазалау жөніндегі ережелердің бірыңғай жинағы саласындағы қолданыстағы атқарымдарды талдауға, оларды халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес толықтыруға және бейімдеуге бағытталған.

Ілгерілеу
7%


Топтың негізгі міндеті қарды тазарту және көшелерді жинау бойынша көрсетілетін қызметтердің баға мен сапа ара қатынасын жақсарту болып. Топ жұмысының күн тәртібіне қызметтерді көрсетуді неғұрлым оңай мониторингілеу және бақылау, жауапкершілік аймақтарын талдау, сатып алулар рәсімін талдау үшін базаны құру, сондай-ақ, қала тұрғындарының мінез-құлық дағдыларымен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар кіреді.
Алғашқы кездесулер және алдын ала талдау шеңберінде топтың қатысушылары іске асыру үшін ең басым бастамаларды белгіледі. Жақын арада топ, халықаралық стандарттарға сәйкес және ең озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, өз күшін қаланы санитарлық тазарту бойынша бірыңғай қағидалар жинағын әзірлеуге шоғырландырады.


санитариялық қала тазалау жұмыстарының оңтайлы баға мен сапа ара қатынасын қалай қамтамасыз етуге болады?


100 күнге қойылған міндеттер

Сантиариялық тазалау қызметтерінің мониторингі мен бақылауы

Қызмет түрлері бағасының салыстырмалы базасын анықтау

Сатып алу рәсімінің тиімділігін арттыру

Адамдардың мінез-құлық әдеттерімен жұмыс жасау

Негізгі Тиімділік көрсеткіштері

  1. Шағымдар саны
  2. Қаланы көркейту ережелерін редакциялау жобасы
Пролистать наверх