Loading...

Қоғамдық көлік

29.10.2019 Жұмыс мәртебесі бойынша

Қоғамдық көлік бағытындағы бастамалардың бірі жолаушылармен жұмыс болып табылады. Акселерациялық топ мүшелері қала бойынша сапарларды жоспарлауға арналған мобильді қосымшаларды пайдаланатын жолаушылар санын көбейту, жүргізушілер мен жолаушылар тарапынан қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениетін арттыру, сондай-ақ қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыру сапасын жақсарту мақсатында ақпараттық науқандар әзірлеуде.

Елорданың ең күрделі учаскелерінде трафикті оңтайландыру бағыты бойынша жұмыс аясында, Сейфуллин мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында пилоттық жоба іске қосылды: алғаш рет диагональды жаяу өтпе жолы тәжірибесі қолданылды. Сонымен қатар, осы қиылыста тек автобустар ғана солға бұрыла алады. Көлік ағындарының өлшеулерін талдау жолдың осы учаскесінен өту жылдамдығы қоғамдық көліктер үшін – 45-55% -ға (қозғалыс бағытына байланысты), жеке автокөліктер үшін орташа есеппен 9% -ға артқандығын көрсетті.

Қазіргі таңда акселерациялық топ мүшелері күту уақытын қысқарту мақсатында автобус бағдарларын, атап айтқанда 46 және 50 бағдарларды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қала тұрғындары пікірі сауалнамасы келесі сілтеме бойынша жүргізіледі:https://forms.gle/3WP96kMn2sD5HXeaA

Ілгерілеу
20%


Қоғамдық көлік саласында акселерациялық команданың қатысушылары жолаушылар үшін автобустарды күту уақытын қысқарту және жол жүру ыңғайлылығын арттыру басым болып табылатынын айқындады. Топтың жұмысы жолаушыларды сапалы хабардар етуге, қала көшелеріндегі трафикті оңтайландыруға, жүргізушілерді тартуға және ынталандыруға және т.б. бағытталады. Қала тұрғындарына сауалнама жүргізуді, индустрияның жекелеген өкілдерінен, атап айтқанда - жүргізушілерден терең сұхбат алуды қамтитын дала зерттеулері, сондай-ақ астананың ең проблемалық учаскелеріндегі кептелістерді төмендету мақсатында бірнеше пилоттық жобаларды енгізу жоспарланған.


Қоғамдық көлікті күту уақтын қалай азайтуға болады және жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын қалай арттыра аламыз?


100 күнге қойылған міндеттер

Жолаушыларды ақпараттандыру

Жүргізушілердің мотивациясын арттыру

Трафикті қысқарту

Билетсіз жолаушы тасымалын қадағалау

Негізгі Тиімділік көрсеткіштері:

  1. шағымдар саны
  2. орташа автобус күту уақыты
Пролистать наверх